Бүгінде Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй кезегінде 33 059 адам тұр.
Алматы қаласы әкімдігінің Алматы облысы тұрғындарының несиелік тұрғын үйді броньдау жағдайы бойынша түсініктеме берді.
«Отбасы банк» АҚ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағыты бойынша Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үйіне кезекте тұрғандар үшін броньдауды өткізді.
Сонымен қатар банктің әкімдікке ұсынған тізіміне Алматы облысының (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының бөліктері, сондай-ақ Қапшағай әкімшілігінің аумағы – 150-ден астам елдімекен) тұрғындары кірді.
«Алматыдағы несиелік тұрғын үйлерді («Нұрлы дала» ТК және Наурызбай ауданындағы «Алма Сити 5» ТК, Алатау ауданындағы «Мәдениет» шағынауданы) Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасы салған және заңнамаға сәйкес тек Алматы қаласында кезекте тұрғандарға арналған», - делінген қала әкімдігінің бапсасөз хабарламасында.
2021 жылғы 28 қазанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне аталған азаматтардың Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй сатып алу заңдылығын түсіндіру жөнінде сұрау салған болатын. Министрліктегілер кезекте тұрғандар несиелік тұрғын үйді тіркелген жері бойынша ғана ала алатынын растады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй осы елдімекенде есепте тұрған азаматтарға ғана пайдалануға беріледі.
Бүгінде Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй кезегінде 33 059 адам тұр.
Дереккөз: Almaty.tv.