25.02.2022

Наурыз мерекесі кезінде жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты »Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша коммерциялық пойыздарды іске қосады.

Осы сипаттағы ақпарат »Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сайтында жарияланды.

  • «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Шымкент» бағытындағы №202/201 пойызы елордадан 2022 жылдың 18, 21 және 24 наурызында жөнелтіледі. Шымкенттен 2022 жылдың 19, 21 және 25 наурызында кері қайтатын болады;
  • «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы-1» бағытындағы №204/203 пойызы елордадан 2022 жылдың 18 және 21 наурызында жолға шығады. Сол пойыз 2022 жылдың 19 және 22 наурызында кері қайтады;
  • «Ақтөбе-Атырау» бағытындағы №206/205 пойызы Ақтөбеден 2022 жылдың 18 және 20 наурызында, ал Атыраудан 2022 жылдың 19 және 21 наурызында жолға шығады;
  • «Алматы-2-Шымкент» бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 2022 жылдың 18 және 20 наурызында жөнелтіледі. Бұл пойыз 2022 жылдың 19 және 21 наурызында кері қайтады.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара ашылғанға дейін төрт халықаралық пойыздың маршруттары уақытша қысқартылды. Олар облысішілік қатынаста жүретін болады:

  • «Алматы-2-Саратов» бағытындағы №7/8 пойызы Орал станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 2022 жылдың 1 наурызынан тақ күндері, Оралдан Алматыға 2022 жылдың 4 наурызынан жұп күндері шыға бастайды;
  • «Қарағанды-Омбы» қатынасындағы №145/146 пойызы Петропавл станциясына дейін қысқартылды. Бұл құрам Қарағандыдан Петропавлға және кері қарай 2022 жылдың 2 наурызынан бастап жұп күндері жүретін болады;
  • «Алматы-2-Новосибирск» бағытындағы №301/302 пойызы күнара жүрумен Семей станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 2022 жылдың 2 наурызынан бастап жұп күндері жолға шығады. Кері бағытта дәл осы пойыз 2022 жылдың 3 наурызынан бастап тақ күндері жүре бастайды;
  • «Атырау-Астрахань» бағытындағы №625/626 пойызы күнара қатынаспен Дина Нұрпейісова станциясына дейін қысқартылды. Атыраудан кері бағытта құрам 2022 жылдың 2 наурызынан бастап жұп күндері жүреді.

 

 

 

Дереккөз: Zakon.kz