Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 3 бағыт жаңарды.
Қала әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен өткен кездесуінде тұрғындардың өтініші бойынша 3 маршруттың ұзартылғанын мәлімдеді.
Мегаполис басшысы Барлық базарынан Абай саяжайларына Карьерная көшесі бойынша №31 және №67, Момышұлы метро станциясын қамти отырып №110 маршруттарының бағыты ұзартылғанын айтты.
«Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 3 бағыт жаңарды. Автобустар саны №44 маршрут бойынша 12–ден 14–ке дейін, №55 маршрут бойынша 7-ден 10-ға дейін және №137 маршрут бойынша 16-дан 19-ға дейін көбейтілді«, - деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін аудан аумағында Алатау, Әшімов және Строительная көшелерінде 6 аялдама кешені орнатылды. Ағымдағы жылдың қазан айына дейін Карьерная, Тажиев көшелері мен шағынауданына қосымша 6 толық аялдама орнату жоспарланып отыр. Мұндай мүмкіндік жоқ учаскелерде »Аялдама» белгісі бар тиісті жол белгілері орнатылады.
Дереккөз: Almaty.tv.