11.05.2023
Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр? Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтып берді.
«Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін және қала тұрғындарының оң пікірін ескере отырып, бағдарламаны қаржыландыру көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдадым. Наурызбай ауданына қосымша 875 млн. теңге бөлінді. Осылайша, ауданда 2,7 млрд теңгеден астам сомаға 67 жобаны, оның ішінде қоғамдық кеңістікті абаттандыру, жол инфрақұрылымы және сыртқы жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарлануда», - деді Ерболат Досаев.
Дереккөз: Almaty.tv