Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында коронавирустық инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарының қалыпты жұмыс режиміне ауысулары туралы айтып берді.
Алматыда Бұқар Жырау қалалық балалар клиникалық ауруханасы, Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы, Халық Арена ЦФ, психикалық денсаулық орталығы, ТЖ ауруханасы, Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь, ХБО, №1 перзентхана, қалалық кардиологиялық орталық, №1 Қалалық клиникалық аурухана, Қорғаныс министрлігінің госпиталі жабық режимде жұмыс істеуде.
«14 маусымнан бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың ковидтік стационарларын, Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының Байзақов көшесіндегі филиалын жабу жоспарлануда. Бұл стационарлар қалыпты жұмыс режиміне көшетін болады», — деп хабарлады Н. Табынбаев, сондай-ақ барлық емханалар мен ауруханаларға дезинфекция жүргізіледі.
Баспасөз конференциясы барысында Н. Табынбаев бүгінде Алматыда коронавирустық инфекцияның 70 786 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 54 846 симптомды, 15 940 симптомсыз, 1809 анықталмаған пневмония жағдайлардың тіркелгенін айтты. 66 945 адам КВИ-ден жазылып шықты.
«Қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 1258 адам ем алуда. Қалада барлығы 3640 төсек-орын бар», — деді Н. Табынбаев.
Жедел медициналық көмекті шақыру деңгейі тәулігіне 1850-1930 аралығында. Ауруханаға жатқызу деңгейі 190-200-ден (мамыр айының ортасынан) тәулігіне 80-90-ға дейін төмендеді. Өткен тәулікте 54 науқас ауруханаға жатқызылды.
Н. Табынбаевтың хабарлауынша, осыған байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтанса, ковидті науқастарды Дегдар қалалық клиникалық жұқпалы ауруханасына, Саялы мен Теректі шағын аудандарындағы модульді стационарларға жатқызу жоспарланғанын айтты.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі