04.04.2022

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова жазғы мектептердің жұмысы қалай ұйымдастырылатыны туралы айтты.

Гүлмира Кәрімова оқу жылының дәстүр бойынша 25 мамырда аяқталатынын айтты. Тиісті бұйрыққа Білім және ғылым министрі қол қойды. Осыдан кейін 9 және 11 сынып оқушылары емтихан тапсыра бастайды. Ал қалған сынып оқушылары үшін 17 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектеп ұйымдастырылады.

«Жазғы мектеп – біліміңізді жетілдіруге және олқылықтарды толтыруға тамаша мүмкіндік. Пандемия білімге жақсы әсер етпегенін, ал мектеп оқушылары білімге ынтасын жоғалтқанын білеміз. Кейбір елдерде бұл мәселені шешу үшін оқу жылын ұзартады. Оқу жылын ұзартпай, жазғы мектеп ұйымдастырдық. Біз барлық оқушыны жазғы мектепке баруға шақырамыз.»,- деді Гүлмира Кәрімова

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы жазғы мектептің әдеттегі сабақ форматында өтпейтінін атап өтті. Оның орнына балаларға ыңғайлы болу үшін математика, ағылшын тілі, физика және тағы басқа негізгі пәндер бойынша икемді оқу кестесі ұйымдастырылады. Сабақтар музейлер мен экскурсияларға бару түрінде де өтеді.

«Жазғы мектепте баға қойылмайды және үй тапсырмасы болмайды. Жазғы уақытта оқу мүмкіндігінше қызық әрі мазмұнды өтуі үшін барлық жағдай жасалады. Кейбір балалардың репетиторлармен ақылы курстарға барып, қосымша білім алатынын білеміз. Бірақ жазғы мектеп біліміңізді шыңдап, олқылықтың орнын толтыруға да тамаша мүмкіндік. Оның үстіне мұғалімдердің өзі оқушылардың күшті және әлсіз жақтарын біледі»,- айтты Гүлмира Кәрімова

Барлық бала үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады. Алайда күтпеген жағдайлар болса, жазғы мектепке қатысты түпкілікті шешімді ата-аналар мен оқушылардың өзі қабылдайды.

 

 

 

Дереккөз: Zakon.kz