Мемлекет басшысы Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты

23.08.2021

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жұмыс сапары қаланы абаттандыруға бағытталған жобалармен танысудан басталды.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаланың полиорталық моделін қалыптастыруды көздейтін «Жаңа Алматы» бағдарламасы туралы баяндады. Бұл жоба қала тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасап, олардың еркін демалуына жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған.

Мемлекет басшысы әкімнің есебін тыңдағаннан кейін барлық жобалар қалада қауіпсіз орта қалыптастырып, шаһардағы өсімдіктер қорын сақтап қалуға бағытталуы қажет екенін атап өтті. Президент құрылып жатқан жаңа саябақтар жергілікті тұрғындардың демалысына ыңғайлы болуы керек деп есептейді.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі