Мегаполистің қоғамдық көлік паркі газбен жүретін жаңа автобустармен толықты

17.03.2021

Қаланың коммуналдық паркі газбен жүретін жаңа 37 автобус алды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес коммуналдық және қоғамдық көлік жоспарлы түрде экологиялық таза отынға ауыстырылып жатыр. Басты мақсат — қала экологиясын жақсарту мен жолаушылар тасымалы сапасын арттыру.

Жаңа автобустар партиясының бір бөлігін тұрғындар жаңартып, көбейтуді сұраған 34 бағытқа шығару жоспарлануда.

Бүгінгі күні автобустар техникалық байқаудан өтіп, құжаттары рәсімделіп жатыр. Оларды 2021 жылғы 20 наурызда бағытқа шығару жоспарланған.

Ұзындығы 12 метр болатын жаңа автобустардың сыйымдылығы 90 адамдық, үш есігі бар, оның біреуінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған платформа орналасқан. Автобустар автоматты бейнебақылау жүйесімен, жолаушылар санын есептейтін және жүргізушілердің шаршағанын бақылайтын датчиктермен жабдықталған.

Еске салсақ, жаңадан қосылған көліктерді есептегенде қала бағыттарына газбен жүретін 389 автобус шығады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі