Маусым айының соңына дейін 250 орындық №48 мектептің қосалқы нысанын қайта жаңарту, тамыз айында Алматының Медеу ауданындағы №131 мектепті сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталады.
Сонымен қатар, жеке қаражат есебінен осы мектептің 300 орындық жаңа корпусын салуға ЖСҚ әзірленуде. ЖСҚ-ның аяқталу мерзімі-ағымдағы жылдың қыркүйек айы. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Жалпы, қосымша құрылыстар салуға, сейсмикалық күшейтілген мектептерді күрделі жөндеуге құжаттар әзірленуде және №29 мектепке қосымша құрылыс салу үшін жер учаскесін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал »Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құлжа трактінің оңтүстігінде 2000 орындық жаңа мектеп салынады. Құрылыстың басталуы осы жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Сонымен қатар жеке инвестордың қаражаты есебінен 2024 жылы »Думан» шағынауданында 1200 орындық мектеп салу жоспарланған«, - деді әкім.
Дереккөз: Almaty.tv