14.03.2022

 

Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2022 жылғы сәуірдің бірінен кешіктірмей төлеу керек екендігін еске салады.

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады. Сонымен бірге, 2022 жылдың 15 наурызынан кейін салық органдары есептелген көлік құралдарына салынатын салық сомасы «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберілетін болады. Бұдан басқа, бұл ақпарат kgd.gov.kz web-порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктер «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ қосымшаларында жарияланады.

 

 

 

Дереккөз: inform.kz