28.07.2021
Қала құрылысын бақылау бөлімінің хабарлауынша, Горная көшесі, Горновосточная көшесінің шығысына қарай орналасқан автотұрақ иесінің жерді уақытша әрі өтеусіз пайдалану мерзімі аяқталды.
«Мерзімі біткеннен кейін жер пайдаланушы жер қатынастары бөліміне оны ұзарту туралы сұраныс жіберді, оған бас тартылды. ЖҚБ-дан тиісті хабарлама алып, біз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз бердік. Сот шешімімен автотұрақ бүгін бұзылуда», - деп түсіндірді департамент.
Айта кетерлігі, бұрынғы автотұрақ шамамен 1,3 гектар мемлекеттік жерді алып жатты.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі