Алматыда қаңғыбас иттердің адамдарға шабуыл жасауы жиілеген. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды.
Әкімімен кездесу барысында қала тұрғыны «10» және «11» шағынаудандарда түнде көшеде жүру қорқынышты екенін айтып, жарықтандыру мәселесін шешуді сұрады. Сондай-ақ ол қалада және қаңғыбас иттердің көбейгенін мәселе етіп көтерді.
«Кешке балаларды мектептен күтіп алуға мәжбүрміз. Себебі, көшенің жарықтандырылуы нашар және қаңғыбас иттер көп. Осы мәселелерді шешіп берсеңіз», - деді қала тұрғыны.
Ерболат Досаев қалада қаңғыбас иттер бойынша мәселенің өзекті болып тұрғанын айтты.
«Өкінішке қарай, қазір қаңғыбас иттердің адамдарға шабуылдауы жиілеген. Сондықтан қалада ит ұстау мен оларды серуендету бойынша Бірыңғай ереже керек. Оның үстіне біз мәслихатқа қаңғыбас иттерді аулау бойынша ұсыныс енгізетін боламыз. Жыл соңына дейін жоғарыда аталған ереже қабылданып, қаңғыбас иттердің де мәселесі шешімін табады деп ойлаймыз», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.
Дереккөз: inform.kz