Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы айтты.
Е. Оразалин келтірген мәлімет бойынша, 2020 жылдың 10 айында пандемия салдарынан аясында сауда саласы құлдыраған, бұл ретте өндіріс пен инвестициялар саласында оң динамика байқалады.
Үстіміздегі жылғы қаңтар-қазан аралығында бөлшек сауда көлемі 2 747 млрд теңгені құрады. Республикалық көлемде қаланың бөлшек тауар айналымының үлесі 30,3%. Бұл ретте азық-түлік тауарларын сату 6,7%-ке ұлғайды, азық-түлік емес тауарларды сату 14,3%-ке азайды.
Үстіміздегі жылғы қаңтар-қазан аралығында көтерме сауда айналымының көлемі 7 978,2 млрд теңгені құрады. Республикалық көлемде қаланың көтерме тауар айналымының үлесі 42,8%.
Сонымен бірге, өнеркәсіпте оң серпін байқалуда. 2020 жылғы қаңтар-қазан аралығында 826,4 млрд теңгеге, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 670,4 млрд теңгеге өнім өндірілді.
Сондай-ақ пандемияға және карантиннің шектеу шараларына қарамастан, үстіміздегі жылы Алматы қаласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің өскені байқалады. 2020 жылғы 10 айдың ішінде негізгі капиталға салынған инвестиция 719,2 млрд теңгені, НКИ– 116,9%-ті құрады.
Инвестициялардың негізгі көлемі: жылжымайтын мүлікке – 323,4 млрд теңге, өнеркәсіпке – 99 млрд теңге, көлік және қоймалауға – 69,4 млрд теңге, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуге – 44,9 млрд теңге, сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметіне – 43,3 млрд теңге тиесілі болды.
Жылдың соңына дейін 90 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 30,8 млрд теңгеге 9 әлеуметтік жоба, сауда және қызмет көрсету саласында 15 млрд теңгеге 45 жоба, өнеркәсіп саласында 60,4 млрд теңгеге 17 жоба, жылжымайтын мүлік саласында 68,5 млрд теңгеге 18 жоба, көлік саласында 1,5 млрд теңгеге 1 жоба. Жобаларды іске асыру барысында үстіміздегі жылы 7,3 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған.
Е. Оразалин 2020 жылдың қорытындысы бойынша мегаполистің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 900 млрд теңге деңгейінде болады деген болжаммен бөлісті.
Қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Алматы индустриялды аймағының аумағын кеңейту, «Алатау» ИТП АЭА базасында фармацевтикалық кластер құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп нысандарының базасында ірі девелоперлік жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі