2023 жылы Мемлекет басшысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, Алматыда 6 отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Биыл жаңа стандарттар бойынша 2 нысан жаңғыртылып, 2024 жылы ҚМЖ басталуымен 7 емхана жобаланатын болады. Сондай-ақ, 2023 жылдың қыркүйегінде балалар шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесі ашылады. Ал 2024 жылдан бастап 10 стационарды жаңғыртуды бастауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда тиісті жобалық құжаттар дайындалуда«, - деді Алматы әкімі.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың тапшылығын ескере отырып, жыл сайын 3 340 маман мен 70 менеджерді үш деңгейлі оқыту бағдарламасымен қамту көзделген, сондай-ақ дипломнан кейінгі даярлыққа 140 грант бөлінді.
Дереккөз: Almaty.tv