Ерболат Досаев индустриалды аймақтың басқарушы компаниясына өндірістік кәсіпорындардың жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
Ерболат Досаев Алматыда бірден екі кәсіпорынның – тау-кен өндіру жабдықтарын өндіру және қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшының суперсервисі Weir Minerals және диагностикалық тест-жүйелерін өндіретін «Қаз-Диа-Тест»ЖШС-тің іске қосылуына қатысты.
Weir Minerals компаниясының әлемдік көшбасшысының супер сервисін Кazstroy Trade ЖШС Алматы индустриалды аймағындағы шағын өнеркәсіп саябағында жүзеге асырады. 2450 шаршы метр алаңда энергетикалық сектор, тау-кен өндіру саласы және жалпы мақсаттағы өнеркәсіп үшін шлам жабдығын шығару жоспарлануда: сорғылар, гидроциклондар, клапандар, елеуге арналған жабдық, резеңке және тозуға төзімді футеровкалар. Жоспарланған өндірістік қуаты – жылына 600 бірлік өнім. Жобаға салынған жалпы инвестиция 1,25 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын 60-тан астам жаңа жұмыс орнын ашады.
Жобаны іске асыру өз қызметінде тау-кен өндіру жабдығын қолданатын ірі компаниялардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
«Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы зауыт. Weir Minerals-тың KAZAX Minerals және Kazzinc сияқты қазақстандық компаниялармен серіктес әрі мол тәжірибесі бар. Weir Minerals жабдықтары бұрыннан қалыптасқан және жергілікті мыс шахталарында сенімді жұмыс істейді. Енді отандық компаниялардың құрал-жабдықтарды сатып алуға және қызмет көрсетуге мүмкіндігі болады», - деді Ерболат Досаев өзінің құттықтау сөзінде.
Қала басшысы сондай-ақ«Қаз-Диа-Тест»ЖШСзауытының ашылуына қатысты, ол тест-жүйенің 4 түрін: экспресс-тест, ПТР-тест, ИФТ-тест, Петри тостағанын шығаратын болады. Зауыттың қуаттылығы – жылына1,83 млн тест.Жобаның құны –4,6 млрд теңге, оның 50%-ы – өз қаражаты, 50%-ы – қарыз қаражаты.65 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
«Мұндай жобаны іске асыру, әсіресе соңғы жылдардағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, дер кезіндегі әрі өзекті шешім болып табылады. Коронавирус пандемиясы «Басты байлық – денсаулық» екенін нақты көрсетті. Сондықтан жеке тестілеу жүйелерінің болуы – Алматы қаласы ғана емес, бүкіл Қазақстан және жалпы денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды қадам», - деді қала басшысы кәсіпорынның ашылу салтанатында.
Ерболат Досаев индустриалды аймақтың басқарушы компаниясына өндірістік кәсіпорындардың жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
Дереккөз: Almaty.tv.