Ерболат Досаев Алмалы ауданының проблемалық мәселелерімен және даму перспективаларымен танысты

21.02.2022

Қала басшысы жұмыс сапарын қалалық ревматологиялық орталықты аралаудан бастады. Бұл ревматологиялық аурулары бар науқастарға арналған елдегі жалғыз мамандандырылған медициналық мекеме.

Ауруханаға жату кезегінде еліміздің түкпір-түкпірінен 532 адам тұр. Орталық ғимараттың өзі кеңейту мен жөндеуді қажет етеді, ол 40-шы жылдары салынған. Е. Досаев жайлы қалалық орта және жер қатынастары басқармаларына ғимаратты күрделі жөндеу қажеттілігі туралы мәселелерді пысықтауды, сондай-ақ бұрынғы ғимараттың орнына жаңа корпус салу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Түркебаев көшесі, 93 №144 мектепте оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 300 балаға арналған корпустың құрылысы аяқталды, ағымдағы жылдың наурыз айында Брусиловский көшесі, 15 №34 гимназияда 550 орынды жаңа корпусты іске қосу жоспарлануда. Жайлы қалалық орта және білім беру басқармаларына «Орта және мектепке дейінгі білім беру объектілерін реновациялау» бағдарламасын қабылдау қажеттілігі мәселесін зерделеу тапсырылды.

Аралау барысында қала басшысы №2 Оқушылар үйіне барды. Қаңқалы-қамысты құрылыс ғимараты 1936 жылы салынып, апатты жағдайда тұр. Бүгінде үйірмелерге күн сайын 800-ден астам бала қатысады. Алматы әкімі жайлы қалалық орта, қалалық жоспарлау және урбанистика, білім басқармаларына қолданыстағы ғимараттың орнына жаңа ғимарат салу мәселесін қарастыруды тапсырды.

 

Ауданды аралау барысында Алматы әкімі Шевченко - Манас - Жамбыл - Байзақов көшелерінің шаршысындағы ескі үйлердің тұрғындарымен кездесті. Е.Досаев үйлер мен инженерлік желілердің жағдайына техникалық аудит жүргізуді тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында есірткі қылмыстары мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «НаркоStop» әлеуметтік жобасының авторларымен және еріктілермен танысты. Пилоттық жоба 2021 жылдың қазан айында Алмалы ауданы әкімінің қолдауымен және Алматы қаласы полиция департаменті мен қоғам белсенділерінің қолдауымен іске қосылды. Қала әкімі қоғамдық даму басқармасына әлеуметтік бастамаға қолдау көрсетіп, мегаполистің басқа аудандары бойынша жобаны «көбейту» мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. 

Аралау қорытындысы бойынша қала басшысы Е. Досаев Алмалы ауданының әкімі Е. Сейтеновтың жұмысын мақұлдады және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту және өзекті мәселелерді шешу бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.