Бұл мақсатқа нақтыланған бюджетте 111 миллиард теңге қарастырылған.
Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы тағы индексацияланады. Нақтыланған бюджетте оған 111 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Ол күні кеше Үкімет маңызды шешім қабылдағанын еске салды.
«Инфляция дәлізінің 8-10%-ға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін қосымша тағы 4%-ға индексациялау жоспарланып отыр. Бұл жиынтық мәнде барлық әлеуметтік төлемнің 9%-ға, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ға өсуін қамтамасыз етеді«, - деді Тоғжанов мәжіліс отырысында.
Нәтижесінде 4,2 миллион адамның әлеуметтік төлемі ұлғаяды.
Бұл мақсатқа нақтыланған бюджетте 111 миллиард теңге көзделген.
Жалпы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бюджеттен 4 триллион теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 230 миллиард теңгеге артық.
Дереккөз: Almaty.tv.