Эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі, алматылықтардың КВИ-ге қарсы вакцина алғаны жөн

04.05.2021

4 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 56 526 дерегі тіркелген. 03.05.2021 ж. коронавирустық инфекцияның 658 дерегі тіркелді, оның ішінде 602 симптомды, 56 симптомсыз, 1 этиологиясы анықталмаған пневмония. Тәуліктік өсім – 1,1%. Репродуктивті сан – 0,999. Емделгендер - 44 393 адам, қосымша тәулігіне - 200 науқас сауығып шықты.

КВИ штаммдары мутацияланып, КВИ жұқтырудың артуы салдарынан    симптомсыз науқастардың үлес салмағы төмендеп, симптомды науқастар көбейіп жатыр: қаңтар 73%, ақпан 70%, наурыз 78%, сәуір 86%, мамыр айының үш күнінде 87,4%.

Негізінен инфекцияны 20-дан 70-ке жасқа дейінгі белсенді тұрғындар  жұқтырады. Олар науқастардың жалпы санының 76%-ын құрайды. Соңғы 7 күнде науқастанғандардың 33%-ы 20-дан 39 жасқа дейінгі санатқа жатады; 28,9%-ы 40-тан 59-ға жасқа дейін; 23,3%-ы 60 және одан жоғары жастағылар.

Жалпы бүгінгі күні инфекциялық стационарларда (6060 төсек-орын) 3767 адам жатыр. Медициналық қызметтің сапасын арттыру мқсатында пациенттер сырқат дегейіне қарай бөлінеді, яғни эшелондау қағидаты енгізілген. Мұның бір артықшылығы, төсек-орындар жеткілікті болады. Бүгінде төсек-орын қорының 58,3%-ы, реанимациялық төсек-орындардың 51,6%-ы бос емес.

Еске салсақ, бірінші эшелонға жағдайы ауыр науқастар, қосалқы аурулары және ықтимал қауіптері бар орташа ауырлықтағы пациенттер жатады. Екінші эшелонға орташа ауыр жағдайдағы пациенттер жатады, ал үшінші эшелон –  резервтік стационарлар.

Бүгінде 5 176 пациент МСАК мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының бақылауымен үйде жатыр.

Тәулігіне 15670 сараптама жасай алатын 26 ПТР зертхана жұмыс істейді, келешекте 26 992 сараптамаға дейін ұлғаюы мүмкін. Сондай-ақ тәулігіне 3 248 сараптама жасау қуаты бар 14 ИФТ зертхана жұмыс істейді.

Қаланың халықаралық әуежайында санэпид бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.04.2021 ж. №13 қаулысына сәйкес ҚР-ға ұшып келу кезінде ПТР нәтижелерінің болуы міндетті. Мәселен, анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы депортацияланды.

Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі жағдайында қалалықтарды COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау жүзеге асырылып жатыр. 4 мамырдағы жағдай бойынша екпені 226 258 адам алды, оның ішінде 4 878 полиция қызметкері, 18 210 педагог, 24 391 медицина қызметкері. Егілгендердің жалпы санынан 60 жастан асқандары 30 256 адам (13,4%).

Алматылықтарың екпе алғаны жөн, бұл ағзаны коронавирус инфекциясының ауыр ағымынан қорғауға, сондай-ақ мегаполисте ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарлар мен қаланың СОО-да 211 егу пункті жұмыс істейді (250-ге дейін жеткізу мүмкіндігі бар). 1809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы жұмылдырылған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі