Еліміздің 14 өңірінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды

16.03.2022

Орталық жаңа кәсіп бастаған нәзік жандыларға қаржылай көмек көрсетеді.

Еліміздің 14 өңірінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Мақсат – жұмыссыз отырған және көпбалалы аналарды қолдау.

Орталық жаңа кәсіп бастаған нәзік жандыларға қаржылай көмек көрсетеді. Сондай-ақ тек материалдық тұрғыда ғана емес бизнесті жүйелі жүргізу турасында білікті мамандар өз кеңестерімен бөлісіп, жас мамандарға бағыт береді. Еліміз бойынша бүгінге дейін 500-ден астам қатысушыдан өтінім келіп түскен. Арнайы мамандар олардың идеяларын саралап, табысты деп тапқан кәсіп түрлерін қаржыландыратын болады.

«Мен жай ғана үйде отырған ана едім. Қазіргі таңда өзімнің жеке кәсібімді ашып, жұмысымыды жүргізіп отырмын. Бұл мемлекеттің қолдауы және осындай мекемелердің мүмкіндігі. Бүгінгі ашылу салтанатына келгендігі айтар басты дүнием – аналарды қолдау. Әйелдердің қолынан барлығы келеді. Ер мінезді әйелдеріміз алға шығып, бәрін қолына алса, еліміз біршама алға дами түсер еді», - деді көпбалалы ана Раушан Дәулетқызы.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.