Елімізде мобильді интернет Ресей және Орталық Азия елдеріне қарағанда жылдам

04.11.2022

Әлемдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы - 33,2 Мбит/с.

Биылғы жылдың қыркүйегінде Speedtest Global Index мәліметтері бойынша Қазақстандағы мобильді интернеттің медианалық жылдамдығы 22,6 Мб/с-қа жетті. Бұл өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 14,5%-ға жоғары.

Салыстыратын болсақ, көрші Ресейде бұл көрсеткіш 21,4 Мб/с құрады. Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстаннан кейін Қырғызстан(19,6 Мб/с), одан кейін Өзбекстан (15,8 Мб/с), одан кейін Тәжікстан (7,9 Мб/с) келеді. Ал Түркіменстан бойынша соңғы деректер тек осы жылдың мамыр айында тіркелді: 5 Мб/с.

Әлемдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 2022 жылдың қыркүйегінде 33,2 Мбит/с құрады. Бұл көрсеткіштен Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері және Катар көшбасшы болды. Естеріңізге сала кетейік, Speedtest жаһандық индексі бұрын қолданылған кең жолақты Интернетті жүктеудің орташа жылдамдығынан көпшілік үшін индикатор ретінде медианаға ауысты.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.