09.11.2022
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 9 қараша күні цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді болғанын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады.
Оның сөзінше, мұндай қажеттілік, мысалы, куәлік жоғалған немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін.
Бүгінде паспорттан басқа ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілді – бұл жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік және т. б.
Дереккөз: Zakon.kz