Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев Үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 1 қазанға дейін ШОБ-тың 29 санаты және 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ірі кәсіпкерліктің 10 санаты жарналар мен аударымдардан босатылғанын хабарлады.
«ҚР Президентінің 1 қыркүйектегі жолдауы аясында экономиканың ең көп зардап шеккен салаларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босату кезеңі жыл соңына дейін ұзартылды», — деп атап өтті Т. Әбілдаев.
Өз қызметкерлерін сақтандыру үшін жұмыс берушілер олардың деректерін msb.fms.kz сайтында тіркеп, ай сайын ақпаратты жаңартып отыруы қажет.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі