Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің мәліметінше, қазіргі уақытта салалық ведомство халық арасында «кәуәп туризмі» деп аталып кеткен қонақ үйлер мен мейрамхана бизнесін емес, экологиялық туризмді дамытуға баса назар аудара отырып, 11 ұлттық парктің шеберлік-жоспарларын дайындау жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Анықтама: елімізде 13 ұлттық парк бар, оның 12-сі – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құзыретіне, 1-і – ҚР Президенті Іс басқармасына қарайды.
Министрдің пікірінше, ұлттық парктерде экотуризмді дамытудың басты ерекшелігі жаяу жүргіншілер жолдарын дамыту арқылы туристерді барынша көп тарту болады.
Журналистің бірегей көлдердің (Көлсай, Есік) жағалауында қонақ үйлер бизнесін дамыту үрдісі туралы сұрағына жауап бере отырып, министр қолданыстағы заңнама аясында табиғатты қорғау аймақтарында заңсыз құрылыс жүргізу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
Ақпарат көзі: ortcom.kz