Халық санының біршама өсуіне және аумақтардың қосылуына байланысты әлеуметтік инфрақұрылымның тапшылығы айтарлықтай қиындық туғызуда. Осы мәселелерді шешу үшін қалада «басқарылатын тапшылық» саясаты іске асырылады. Жаңа мемлекеттік және жеке меншік білім беру объектілерін салу есебінен орын тапшылығы қысқарады. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, мемлекеттік мектептердің бастауыш сыныптарын филиал ретінде тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында орналастыру тетігі қарастырылуда.
«Осылайша, 2022 жылдың басынан бері 3 316 орындық 54 жеке меншік бала бақша ашылды, жыл соңына дейін тағы шамамен 1 500 орындық 17 бала бақша, оның ішінде 560 орындық 2 мемлекеттік бала бақша ашылады. Биыл орта білім беру саласында 13,8 мың орынға есептелген 18 объектіні пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде 10 750 орынға 11 жаңа мектеп, оның 5-еуі мемлекеттік және 6-ы жеке меншік мектеп, 1 270 орынға 5 қосымша құрылыс, 1 800 орындық 2 ғимаратты сатып алу жоспарланып отыр», - деді Алматы қаласының әкімі Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.
Жыл соңына дейін қалада 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2,4%-ға, мектептердегі оқушы орындарының саны 5%-ға өседі.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі