ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінің баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистегі ковидтік стационарлардың КВИ төртінші толқыны жағдайында және ол төмендегеннен кейінгі жұмысы туралы айтып берді.
Алматыда төртінші толқын шарықтау шегі кезеңінде 10 мыңға жуық инфекциялық төсек-орын дайындалды, олардың 9 мыңға жуығы тартылды, дельта толқынының шарықтау шегінде олардың жүктемесі 70%-ға дейін болды. Әкімдік резервінде – 1 000 төсек-орын.
Бүгінде инфекциялық стационарларда 3 179 төсек-орын бар, оның ішінде 41% қолданылуда (06.10-ға-1 342 пациент инфекциялық стационарларда тұр). Олар Жекенова атындағы ҚКИБ, оның Дегдар көшесі, 10 филиалы және »Саялы» шағын ауданындағы модульдік стационар, Наурызбай ауданындағы филиалы бар МБИБ, Дегдар, 45 көшесіндегі Фтизиопульмонология орталығының Гончарная көшесіндегі филиалы, №1 ҚКБ, Гуманитарлық-педагогикалық колледж жатақханасының ғимаратында орналасқан №4 ҚКБ 300 төсек-орындық филиалы.
«КВИ-дің шарықтау шегінде реанимациялық төсек-орындарды 730-ға дейін арттырдық. Осы кезеңде олардың жүктемесі 70%-ға жетті. Инфекциялық стационарлардың реанимациясына тамыз айында барлығы 2030 пациент келіп түсті», - деп атап өтті Е. Бабақұмаров.
Алматы әкімінің орынбасары мегаполистің реанимациялық бөлімшелерінде басқа қалалардан келген пациенттердің саны 33%-ға жеткенін атап өтті.
2021 жылғы 6 қазандағы жағдай бойынша Алматыда РИТБ-да 310 төсек орын жұмыс істейді, оның ішінде 54%-ы қолданыста (РИТБ-да 172 пациент). Ауру жұқтырғандар санының өсуіне және стационарлардағы науқастар санының біртіндеп артуына, реанимациядағы ауыр науқастар санының көбеюіне байланысты өлім-жітім көбейді.
«Қазір біз ахуалдың тұрақтанғанын көріп отырмыз. Қыркүйек айында реанимациялық науқастар арасындағы өлім-жітім тамызға қарағанда 18%-ға төмендеді. Бірақ ауыр науқастардың саны сақталуда, бұл пациенттердің РИТБ-те ұзақ болуына байланысты – 1 айдан астам», - деді Е. Бабақұмаров.
Дерттің шарықтау шегінде үй стационарында 15 мыңға жуық адам болды, бүгінде олардың саны – 3 500 пациент.
«Пандемияға қарамастан, біз 9 қалалық және 39 жеке стационарды, сондай-ақ 13 республикалық ұйымды пайдалана отырып, тұрғындарға толық көлемде жоспарлы көмек көрсетуге тырыстық. Қазір көпсалалы клиникалар бұрынғы жұмыс режиміне қайта оралды», - деп атап өтті Е. Бабақұмаров.
Алматы әкімінің орынбасары сондай-ақ өткен жылы құрылған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың Тұрақтандыру қорының арқасында 2022 жылдың мамыр айына дейін өнімнің 68 атауынан қажетті қорлар қалыптасқанын атап өтті.
«Бүгінде қалаға 58,8 млн дана дәрі-дәрмек әкелінді, 43,5 млн дана сатылды, 15,3 млн дана бар, оның ішінде төмендемейтін қалдық 8 млн дана немесе 40%-ды құрайды», - деді Е. Бабақұмаров.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі