22.10.2022

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Исабеков Дулат – жазушы, Алматы қаласы;

Розметов Владимир Фёдорович – «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры», - делінген Жарлық мәтінінде.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.