Cыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі АДО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы дәріс оқыды

06.06.2024

05 маусымда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласын дамыту орталығының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында дәріс өткізді.

Шара барысында «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында лектор, Превенция басқармасының басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Қанат Сәлімбаев баяндама жасады. Атап айтқанда, ол квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі көріністерін атап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы өзгерістерді және басқа да мәселелерді түсіндірді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін жүйелі түрде дәрістер мен семинарлар өткізеді, олардың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімділігін арттыру болып табылады. Осындай дәрістер барысында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністері туралы хабардарлығы артып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптасады» - деп көрсетті Қ.Сәлімбаев.

Дәріс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама негіздері; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама тұрғысынан кәсіби этика нормалары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету қажеттілігін және сыбайлас жемқорлық жағдайларының белгілері мен себептерін анықтау мүмкіндігін ескере отырып, қызметтік мінез-құлықты қалыптастыру бойынша сұрақ-жауап өткізілді.