10.08.2018

DSC01030

«Кез-келген, тіпті ең мықты деген жоспарлар шынайы мүмкіндіктерге сүйенуі тиіс»,- КСРО қаһарманы және маршал Георгий Жуков айтып кеткен. Біз бейбітшілік заманда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, оның сөздері әлі күнге дейін өзекті болып келеді.

25-26 шілде күндері Алматы қаласын дамыту Орталығы AlmatyVision 2050 жобасы бойынша семинар өткізуге қатысты. Іс-шараның мақсаты -  Алматының мүмкіндіктерін, мықты жақтарын және болашақта ойдағыдай дамуы үшін сын-тегеуріндерін анықтау үшін қала туралы пікір жинау болып табылды. Барлығы үш кездесу өткізілді: қоғам және әкімдік басқармасының өкілдерімен, кәсіпкерлермен және девелоперлермен.

Hatch Ltd компаниясының өңдеу және жоспарлау салаларының мамандары қатысушыларға зерделеу үшін жергілікті кейстер берді, сондай-ақ, басқа өңірлерде ұқсас жағдайларда қала инфрақұрылымының дамуымен таныстырды.

DSC01164

Әр семинарда қатысушылар топтарға бөлініп, өздерінің заманауи жағдайға қатысты ойларымен бөлісті. Көбісі жасалып жатқан іс-шаралар, фестивальдар, мәдениеттің алуан түрлілігін және қызмет көрсету салаларын құптарлық деп есептеді, даусыз көшбасшылар қатарына климат, жаяужол көшелері, тарихи орталықтар, және де, әрине таулы жер аймақтарының мәселелері кірді. Келеңсіз жақтарының ішінен кептелістер, қоғамдық көліктің сапасы, қалалық ортаның сапасы және т.б. атап өтілді.

Кәсіпкерлердің бірі, «Абди» компаниясының президенті Әбдібек Бимендиев жағдайға былай деп түсініктеме берді:

 «Біз, қаламыз, іскерлік қатынастармен қатар мәдениет және туризм саласының мекені болғанын да қалаймыз. Жаңадан бірдеңе салу үлкен қажеттілікті талап етпейді, қалада әлдеқайда қолданыстағы иеліктерді жақсарту керек. Шетелдік компаниялардың көзқарасы бойынша, сауда, кәсіпке қатысты мәселелер бар. Бұл тұрғын аудандарда сауда алаңдарының, білікті мамандардың жетіспеушілігнде, және кейбір мәселелердің келісілмей істелген жұмысы. Көптеген мәселелерді шешу үшін біз ұзақ сапарға жолға шығамыз, және дәл қазір біздің барлық ахуалға талдау жасауға мүмкіндігіміз бар.»

Әлдеқайда жобалау тобымен қала, көлік, және стратегиялық құрылым мәселелері бойынша, инвестицияны және дарынды тұлғаларды жұмылдыру, экономиканы нығайту және басқа салалар бойынша зерттеу жүргізілуде. Ең бастысы, қала тұрғындары өз өлкелерінің теңдестірілген және позитивті дамуына үлес қосуда.

DSC01186

DSC01416

DSC01438