Алматы қаласын дамыту орталығы, Almaty Management University және Сколково Мәскеу Басқару Мектебі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

15.12.2016

20161213 MG 9322

2016 жылғы 13 желтоқсанда »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Алматы Менеджмент Университеті мен »Сколково» Мәскеу басқару мектебі арасында Алматы қаласын дамытуға бағытталған жобаларды оқыту, әр түрлі зерттеулер жүргізу және іске асыру бойынша бірлескен бағдарламалар шеңберінде Тараптардың ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум жеке тұлғаларды және Алматы қаласының түрлі ұйымдарының қызметкерлерін оқытуды, сондай-ақ оқытушылармен алмасуды көздейді. Алматы қаласын дамытуға бағытталған түрлі зерттеулер жүргізу және жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, меморандум қатысушылар арасында үнемі ақпарат алмасуға және консультативтік-кеңесші органдар мен комиссияларға қатысуға мүмкіндік береді.

Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) - кәсіпкерлік, әлемдік деңгейдегі әлеуметтік-жауапты университет. 2015 жылы университет Eduniversal халықаралық рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үздік бизнес-ЖОО атағын растады.

Мәскеу СКОЛКОВО басқару мектебі - 2006 жылы іскерлік қауымдастықтың бастамасы бойынша құрылған Ресей мен ТМД-нің жетекші жеке бизнес мектептерінің бірі. Мектептің серіктес-құрылтайшыларының құрамына 8 ресейлік және халықаралық компания және 11 жеке тұлға, ресейлік бизнес көшбасшылары кіреді.

СКОЛКОВО бизнес-мектебінің бағдарламалары кең аудиторияға арналған. Болашақтың бизнес-көшбасшыларына бірегей халықаралық MBA бағдарламасы әзірленген. Кемел жастағы адамдарды премиум деңгейдегі Халықаралық бизнес-білім қызықтырады. Шағын және орта бизнестің өршіл басшыларына білімді жүйелеуге және компанияны басқарудың авторлық үлгісін жасауға көмектесетін қарқынды бағдарлама қажет.

Жеке ісін ашуды жоспарлап отырған корпоративтік менеджерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен бизнес-періштелер үшін Стартап-Академия — ағымдағы жобаны дамытуды жеделдетуге немесе жаңа бизнесті іске қосуға арналған практикалық құралдарды ұсынатын акселерациялық бағдарлама сөзсіз қызығушылық тудырады. Бұл бағытта дамудың өзектілігін Ұлт Көшбасшысы да атап өтті.