CAREER TIME: Алматыда жұмыссыз жастарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті

07.12.2022

Бос орындар жәрмеңкесіне 5 мыңға жуық адам қатысты.

«Балуан Шолақ» спорт кешенінде қала колледждері мен ЖОО түлектері, сонымен қатар жұмыссыз жастарға арналған қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Бос орындар жәрмеңкесіне қаладағы 200-ден астам жұмыс беруші мен 5 мыңға жуық адам қатысты. Олар – 35 жоғары оқу орнының, 83 колледждің түлектері мен жұмыссыз жастар.

Жәрмеңке қонақтары ҚР еңбек заңнамасына сәйкес білікті мамандардан толық ақпарат алып, буклеттер мен жадынамалар түріндегі анықтамалық-ақпараттық материалдармен танысты, сондай-ақ жұмысқа орналасу бойынша жетекші мамандардың шеберлік дәрісінен өтті.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.