02.10.2020

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы жалғасуда. Оған өтініш қабылдау 5-ші қазанға дейін жалғасады. Аталған жоба арқылы тұрғындар түрлі идеясын ұсынып, қаланы көріктендіруге үлес қоса алады. Биыл жалғасын тапқан сәтті жобаға жергілікті бюжеттен 6 млрд теңге қарастырылған. Әр ауданға 800 миллион теңгеден беріледі.

Қазір қалада «Бюджетке қатысу» жобасы арқылы 1,4 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 55 жоба іске асырылуда. Бүгінге дейін бірқатар жоба аяқталып, пайдалануға берілген. Тұрғындар аулалар мен көшелерді көріктендіріп, гүлзарларды абаттандыру бойынша өтініш бере алады. Бір жоба 55,5 миллион теңгеден аспауы керек.

Алмас Батанов, Қалалық стратегия және бюджет басқармасының басшысы:

-Сараптамалық комиссияның тексеруінен өткеннен кейін жобалардың тізімі жасалынатын болады. Кейіннен дауыс беру уақыты бөлінеді.

Жоба аясында қалада тұрғындардың сұрауы бойынша скейтпарктер салынып, ақылды орындықтар орнатылды. Спортпен шұғылдануға арналған алаңдар, скверлер мен демалыс орындары жабдықталып, көшелер жарықтандырылды.

Жанар Жасылтаева, қалалық стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасары:

-Өте қызық жобалар кірді.

Айта кетейік, «Бюджетке қатысу» жобасы Алматыда өткен жылдың тамыз айында іске қосылды. Өтініштерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу онлайн режимде «Budget.open-almaty.kz» сайты арқылы өтеді. Ал жұмыстың жүйелі жүргізілуін қалалық қоғамдық кеңес өкілдері бақылайды.

Ақпарат көзі: qazaqstan.tv