Бұрын-соңды болмаған: қазақстандықтар үй салу үшін несие ала алады

29.04.2022

Қолма-қол ақшалай несиелер бүгінде бұрын-соңды болмаған пайыздық мөлшерлемемен беріледі.

Енді қазақстандықтар артық ақша шығындамай жеке тұрғын үй құрылысын бастай алады.

Ол үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен баспана салуға несие алуға болады. Бұл мүмкіндікті Қазақстан азаматтары еліміздің кез келген аймағында пайдалана алады. Ол үшін »Отбасы банкінің» салымшысы болу басты талап.

Құрылысқа несие алу үшін банкте депозит ашып, қарыз алуға қажетті қаржыны жинақтап, кепілмен қамтамасыз ету және төлем қабілеттілігін растау керек. Мұның барлығы қаржы институты сайтында көрсетілген.

Оқи отырыңыз: 23 мың қазақстандық жалға берілетін тұрғын үйге субсидия алуға шақырту алады

 Қазақстандықтар несие түрін таңдай алады. Мысалы, ең төменгі пайыздық мөлшерлеме – 3,6%-дан 25 жылға немесе одан аз мерзімге берілетін кепілмен тұрғын үй несиесі. Оған 100 млн теңгеге дейін алуға болады.

Егер жинақтау мерзімі үш жылға жетпесе, аралық несиені құрылысқа пайдалануға болады. Мұнда пайыздық көрсеткіш жоғары – 25 жылға жылдық 8,5%-ға дейін. Банк бере алатын максималды сома 90 млн теңгені құрайды.

«Бастапқы мөлшерлеме депозит ашқаныңызға үш жыл толғанға дейін жарамды. Содан кейін сіз тұрғын үй несиесінің шарттарына ауысасыз, ал несие мөлшерлемесі 5%-ға дейін төмендейді«, – деп жазылған банктің веб-сайтында.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.