Бостандық ауданындағы көмекке мұқтаж отбасыларының балалары үйірмелер мен әлеуметтік клубтарға тегін барады

26.07.2021

Алматының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек ерекше бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов хабарлады.

Әкімнің айтуынша, Бостандық ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдау және дамыту үшін «Әуен әлемі» мектебі ашылды, оған 50 бала тегін барады.

«Осы жылдың сәуір айында «Гаухар Тас» тұрғын үй кешенінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жобалық қуаты күніне 60 бала болатын «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы ашылды. Аудан аумағында №3 оқушылар үйі жұмыс істейді, онда 1 330 бала 29 үйірмеге тегін қатысады», – деді А. Рахымбетов.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қалалық балалар И. А. Крылова мен №29 кітапханада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

А. Рахымбетовтың айтуынша, Бостандық ауданында алты ірі спорт нысаны бар, онда 75 спорт секциясы жұмыс істейді және 7 570 адам қатысады.

«Ауданда жастар саясатын қолдау жөніндегі мемлекеттік қор қаржыландыратын, күніне 150 адамды қамтитын 3 демалыс орталығы жұмыс істейді. Жеке спорт ұйымдарын тарту есебінен 500 адамды қамти отырып, бос уақытты өткізу орталықтарының санын 10-ға дейін арттыру жоспарлануда», – деді аудан әкімі.

Ауданның оқу орындарында тегін негізде 400-ге жуық үйірме мен секциялар жұмыс істейді, онда оқушы мен студенттердің саны 20 000-нан астам адамды құрайды.

15 спорт алаңында (футбол және баскетбол алаңдары, теннис корты және воркаут-алаңдар) тегін жаттығулар өткізеді. Атакент аумағында орналасқан «Gorilla Atakent park» скейт-паркі жұмыс істейді, оған күн сайын 100-ден астам адам келеді.

«LegenDA» жаттығу залы ашылды, оның басты мақсаты кәсіби спортшылармен бірге ерекше қабілеті бар адамдар үшін спортпен еркін айналысуға мүмкіндік береді. Орталыққа күніне 115 адам барады, оның 15-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар тегін қатысады», – деді А. Рахымбетов.

Бостандық ауданында «Жандосым» теннис орталығының құрылысы аяқталды. 2021 жылдың қазан айына дейін әмбебап залы мен 580 орындық трибунасы бар «Сұңқар» трамплиндерінің екінші кезегінің, жабық жүзу бассейні мен қонақ үй кешенінің құрылысы жүргізілуде.

2022 жылы Гагарин даңғылы бойындағы «MyWin» спорт кешенінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қожабеков көшесінде әмбебап зал мен бассейн жұмыс жасайтын болады.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі