Сонымен бірге, келесі жылдың ақпан айында «Керуен Медикус» клиникасы перзентханасының жаңа корпусы салынып бітеді.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы халқымен кездесуінде мәлімдеді.
«Мега Алма-Ата сауда орталығының төңірегінде азаматтарды әлеуметтік объектілермен қамтамасыз ету үшін тұрғындарымыздың өтініштерін ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі парк аймағы бар, 500 келушіге арналған емхана салу үшін 1,1 га жер учаскесін сатып алды. 2023 жылдың I-тоқсанында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді, 2023 жылдың IV тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады«, - деді қала әкімі.
Сондай-ақ мегаполис басшысы «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында» операциялық блог пен қабылдау бөлімшесінің құрылысы жалғасып жатқанын айтып өтті. Бүгінгі таңда жұмыстардың 50%-ы орындалды, құрылыс 2023 жылдың I тоқсанында аяқталады.
Сонымен бірге, келесі жылдың ақпан айында «Керуен Медикус» клиникасы перзентханасының жаңа корпусы салынып бітеді.
Дереккөз: Almaty.tv.