28.07.2022
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
Биыл бос жатқан 904 мың гектар жер қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлері жаппай мемлекетке қайтарылып жатыр. Соңғы 6 айда 904 мың гектар пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Биылғы жылдың соңына дейін тағы 5 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланып отыр. Былтыр 430 мың гектар қайтарылды.
Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін әкімдіктер арқылы жергілікті атқарушы органдар бөледі.
Дереккөз: Almaty.tv.