04.04.2018

Doing business 2018

Құрылыс салуға және электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға рұқсат алу - бизнес ашудағы маңызды екі құжат, оны бүгінгі күнге дейін алу өте қиын болды. Кәсіпкерлер анықтама мен құқық белгілейтін құжаттарды алу үшін бәлен уақытын жоғалтып, қаражатын жұмсап, кезекте тұратын.

Енді аталған құжаттарды алу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді. Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Алматы кәсіпкерлік қоғамдастығы 2018 жылғы 4 сәуірдегі кездесу барысында хабардар етті.

«Бизнестің жұмысын оңтайландыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің «OpenAlmaty »қоғамдық қабылдау бөлмесінде қаланың мемлекеттік органдары мен коммуналдық шаруашылық өкілдері, соның ішінде сәулет басқармасының қызметкерлері де қабылдайды. Сізге »бір терезе» қағидаты бойынша құжаттарды құқықтық сүйемелдеу қыметі көрсетілетін болады«, - деді Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы Басқармасы басшысының орынбасары Алмасхан Ахмеджанов.

DSC 0012

Сондай-ақ, бизнесмендерге Алматы аумағындағы ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық төлқұжаттау туралы хабардар етіп, сәулет және қала құрылысы саласындағы жоспарларымен бөлісті. Алайда, бұл ақпарат еркін қолжетімді және almaty.genplan.kz порталында үнемі жаңартылып отырады.

 Сайт www.almaty.genplan.kz 2017 жылы »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-мен іске қосылды. Ол келесі мәліметтерді қамтиды: Алматы қаласының Бас жоспары, қызыл сызықтардың сұлбасы, қалалық құрылыс шекаралары, жылу және электр жүйелерінің қуаты, сумен жабдықтау және т.б., бұл жер учаскесін таңдау, жобалау және құрылыс кезінде ыңғайлы.

Бизнес үшін рәсімдерді жеңілдету жыл сайын әлемнің 190 елін қамтитын «Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің  рейтингісіне әсер етеді. Сарапшылар 10 индикатор бойынша, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын алу жеңілдігі бойынша бизнесті жүргізудің қолайлы жағдайларына зерттеу жүргізеді. Қазақстан осы рейтингте Италия, Израиль, Түркия, ал ЕАЭО елдері арасында Беларусь, Армения және Қырғызстан елдерінен алға жылжып, 36 - орынды иемденіп тұр.

фото DSC 0014