Бақытжан Сағынтаев отандық және ресейлік телеарналарға сұхбат берді

12.01.2022

Мегаполис басшысы қазір қаланы қоқыстан тазартып, қираған мүлікке келген шығындар есептеліп жатқанын хабарлады. Қала өміріне қажетті коммуналдық қызметтер түгел штаттық режимде істеп, қоғамдық көліктерді толық жолға шығару жұмыстары ұйымдастырылғанын айтты.

Бұдан бөлек, әкім сол қақтығыс күшейген күндердегі тәртіп сақшылары мен әскерилердің жасаған ерлігіне ерекше тоқталды. Бастысы, қала полициясы мен арнайы жасақ сарбаздары өз міндеттерін абыроймен атқарды деді.

«Халыққа оқ атылмауы керек. Бүлікшілер қаланың әр ауданында орналасқан ішкі істер басқармасының бірде-бір ғимаратын күшпен ала алмады. Полицейлерге шабуыл жасалды, оқ аталды. Соған қарамастан, олар соңына дейін өз қызметтерін ерлікпен атқарып, жанын берді», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ әкім қаланы содырлардан босату жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтты. Оның сөзінше, басты қауіпті деген қылмыстық топтар анықталып, ұсталды. Олардың тығып қойған қару-жарақтары мен ұрланған бұйымдары табылып жатыр.

 

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv