26.09.2022

Ол бұл туралы Прездидент Архивінде болған кездесуде айтып берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және Қазақстандағы БҰҰ-ның Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самекпен кездесу өтті.

Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Архив директоры Әлия Мұстафина Архив қызметі алдағы жоспарлары, оның ішінде биылғы жылдың 19-21 қазанында өтетін «Ашық қоғамға – ашық Архив» архившілерінің Конгресі туралы айтып берді.

Властимил Самек архивтік мұра – бұлы әрбір халықтың, әр мемлекеттің мәдениетінің маңызды бөлігі екенін және оны бүгінгі ғаламтордағы қолжетімді әлеуметтік желілерге әуестенуіне байланысты құныдылқтардың қадірін ұмыта бастаған жас ұрпаққа түсіндіру қажет екенін атап өтті. БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметі әрбір адам үшін, әсіресе адамдардың әлсіз топтары үшін неғұрлым қолайлы және қауіпсіз өмірді қамтамасыз етуге бағытталғанын баяндады.

БҰҰ Қазақстанда кең ауқымды мәселелер төңірегінде, атап айтқанда экономикалық және әлеуметтік даму мен денсаулықты, қоршаған ортаны қорғауды, адам құқықтарын сақтауды, гендерлік теңдікті және әйелдердің жағдайын жақсартуды және т. б. бойынша қызметтер атқарады. Сонымен қатар, ұйым жоспарлау және бағдарламалау бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық құжаттарын әзірлеу және іске асыру ұлттық және халықаралық стандарттарға толық сәйкес дамыту мәселелері бойынша жұмыстар істеп келеді. Қазақстандық архившілердің қызметінде де жалпы бағыттары бар жобаларды әзірлеу қажет. Мысалы, студент жастармен жұмыс жасауда Архив жобалары қызықты екен, оның ішінде білім беру мен өткен ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін материалдары арқылы адам құқықтарын тарихи мәнмәтінде сақтау мәселелерін зерделеуге болатынына тәнті болды.

Кездесу барысында қатысушылар 20 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында жалпы пікірсайыста Қазақстан өзекті өңірлік күн тәртібінің мәселелерін шешу үшін барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмысты жалғастыратыны туралы сөйлеген сөзіне бірнеше рет тоқталды.

В.Самек Қазақстанның Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның ОАР бойынша Өңірлік орталығын (тұрақты даму мақсаттары бойынша кеңсе) ашуды ұсынғанын айтты. Сондай-ақ, ол алдағы халықаралық архившілер Конгресінде БҰҰ құрылымдарының Қазақстандағы өкілдері студенттік аудитория үшін спикер ретінде қатыса алады деген пікірімен бөлісті.

Кездесу соңында В.Самек Қазақстанның БҰҰ-ға кіргеніне 30 жыл толуына орай Архив дайындаған «Қазақстан халықаралық аренада» тарихи-деректі көрмесімен танысты.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.