Б. Сағынтаевтың «Алматы — шетсіз қала» тұжырымдамасы аясында әлеуметтік және тұрғын үй нысандарының салынуы жайлы

08.09.2020

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында «Алматы — шетсіз қала» тұжырымдамасының жүзеге асырылуы туралы айтып берді.

А. Ахмеджанов атап өткендей, Алматыда карантин кезеңінде қала әкімшілігі құрылысты тоқтатпау туралы шешім қабылдады. Құрылыс алаңдарында және кәсіпорын ұжымдарында жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында, Covid-19 жұқтырудың алдын алу үшін елеулі сақтық шаралары қабылдануда.

Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, биыл тұрғын үйді пайдалануға беру 1100 мың ш.м құрады.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,3%-ке жоғары. Осы жылдың соңына дейін 8277 пәтер мен 752 жеке тұрғын үй салу жоспарланған.

«Биыл мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйді іске қосу жоспары 2 млн 396 мың ш.м құрайды. Оның 290 мың ш.м халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. Біз адам басына шаққанда 30 ш.м болатын жоспарға қол жеткізу үшін жұмыс істеудеміз. Өйткені бұл Алматы қаласының бас жоспарында қарастырылған», — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар басқарма басшысы қосылған аумақтарда тұрғын үй кешендерінің дамуымен қоғамдық кеңістікті, саябақ-рекреациялық аймақтарды қалыптастыру және бизнесті дамыту бойынша барлық мүмкін шешімдер қарастырылатынын атап өтті.

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмаларын орындау кезінде Алматыда тұрғын үй құрылысымен қатар әлеуметтік нысандар жоспарлы түрде салынуда. Алдағы уақытта қалада 9 денсаулық сақтау нысанын салу және жөндеу, Алатау ауданында теннис кортын салу жоспарланған.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 12 900 орынға арналған 8 мектеп салынады. Бұдан басқа, қолданыстағы мектептерге 13 қосымша құрылыс нысаны салынады. Сондай-ақ 150 орындық балабақша салу жоспарланған. Жеке инвесторлардың қаражаты есебінен 2 жекеменшік мектеп салынады.

Әлеуметтік нысандардың негізгі бөлігі қалаға қосылған аумақтарда салынғаны — бұл қаланың шеткі аумақтарының дамуын білдіреді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі