Б. Сағынтаев Ыбырай Алтынсаринге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

30.12.2021

Алматыда, аттас көшеде қазақ халқының ұлы ағартушысы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ы. Алтынсаринге ескерткіш қойылды.

Өмірін балаларды оқытуға арнаған ағартушы, педагогтің 180 жылдығында Ы. Алтынсариннің ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Іс-шара барысында қала әкімі Б. Сағынтаев Ыбырай Алтынсариннің мұрасы тек бір халық пен этнос үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін аса құнды екенін атап өтті.

Б. Сағынтаев білім беру саласының қала мен мемлекетті дамытудағы маңызын атап өтті. Сондықтан Алматыда мұғалімдерді қолдау, жаңа мектептер салу және оқу процесіне инновациялық идеяларды енгізу бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Қола мен граниттен жасалған алты метрлік ескерткіштің авторлары Данияр Сарбасов, Әлімжан Тоқбаев, Дулат Үсенбаев және Қанат Бегулиев.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі