Б. Сағынтаев: Цифрландыру – қылмысқа қарсы күресте неғұрлым тиімді құрал

02.02.2021

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев заң бұзушылықтардың алдын алу және анықтау үшін ақпараттық технологияларды қолдану туралы айтты.

Қала әкімі Instagram-дағы парақшасында цифрландырудың қылмыспен күресте ең тиімді құрал екенін атап өтті.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең бастысы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін адамдар көп шоғырланатын орындарға бейнемониторинг жобасын енгізудеміз. 2019-2020 жылдары 1 мың бейнекамера орнатылып, 103 аналогтық камера цифрлық форматқа көшірілді, ПД-нің жедел басқару орталығын жаңғыртылып, жаңа мониторинг орталығын құрылды», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Бағдарламалық жасақтама адамдарды белгілері бойынша іздеуге, автомобиль, велосипедті, қалдырылған заттарды табуға, сондай-ақ үй немесе кеңселерге рұқсатсыз кіру әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. Болашақта бейнемониторинг жүйесі камераларының санын 4 мыңға дейін арттыру жоспарда бар. Бұл мегаполистің қоғамдық кеңістігін толық қамтуға мүмкіндік береді.

Жалпы Алматыда бюджеттік бағдарламалар бойынша, жеке ұйымдар мен МЖӘ аясында орнатылған 120 мың бейнебақылау камерасы пайдаланылады.  Сыртқы бейнебақылау жүйесінің көмегімен 6 мыңға жуық қылмыс ашылды. «ЖҚҚ» ААЖ және «Сергек» АБК бейнекамералары 1,4 млн заң бұзушылықты тіркеді.

Барлық автобуста орнатылған бейнекамералардың арқасында қалта ұрлығы 2 еседен астамға азайды. Қоғамдық көлікте ұрлық жасаған 85 қылмыстық топ әшкереленді.

Барлық бақылау жүйелерінің дерекқорын интеграциялау және жасанды зинтеллектіні қолдану Алматыда қылмыстың ұзақ мерзімді және тұрақты төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жақын арада тұрған №1 міндет.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі