Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Аюсай шатқалындағы тау туризмінің инфрақұрылымын дамыту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салынған визит орталықты аралап көрді.
Шатқалда жайлылық пен қауіпсіздікті арттыру үшін визит орталық салынды, мұнда туристер қажет ақпаратты, тауда жаяу серуендеу үшін тауарларды, кәдесыйлар мен азық-түлікті сатып ала алады.
Жоба — санитарлық-гигиеналық торабы, тамақтану пункті, жазғы террасасы және ақысыз Wi-Fi бар туристік ақпараттық орталық, мұнда әр турист туристік бағыттар, соқпақтар, ұлттық парктегі нысандардың байланыс мәліметтері туралы ақпарат ала алады.
Визит орталықта қауіпсіз демалыс негіздерін түсіндіру үшін «Тамыр» жабайы табиғат мектебі ашылған. Еріктілер мен кәсіби альпинистер ақысыз дәрістер оқиды. 700 турист қауіпсіздік және табиғатты қорғау бойынша оқытудан өтті. Белсенді 20 қала тұрғыны еріктілер қозғалысының көшбасшысы болып, Ұлттық паркті көгалдандыруға, тау жолдары мен алаңқайдағы тәртіпті сақтауға көмектеседі.
Б. Сағынтаев Үлкен Алматы шатқалындағы Іле-Алатау ұлттық саябағында экологиялық туризмді дамыту жобаларымен де танысты. Ақпараттық қызмет пен санитарлық-гигиеналық торабы бар визит орталық орналастыру қарастырылған. Консультанттар серуендеу ережесі, бағыттар және орынның ерекшелігі туралы айтып береді. Сонымен қатар ҮАК-ін көруге болатын көру алаңы жабдықталады. Басты талап — ауыз су көзі болып табылатын бірегей тау көлін және аумақтың экологиялық балансын сақтау.
Алматы тау кластерін дамыту аясында соңғы 4 жылда 1000 шақырымнан астам таулы бағыт цифрландырылды, оның ішінде ұзындығы 500 шақырым болатын 36 бағыт абаттандырылды. Цифрландырылған бағыттар онлайн және оффлайн режимінде View Ranger және 2Gis gps навигаторларында қолжетімді. 2021 жылы қосымша 172 шақырым тау соқпағын абаттандыру жоспарланған.
Қала әкімі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы скверді абаттандыру барысын көрді. Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланың маңызды нысаны жанындағы жасыл аймақты реконструкциялау жобасына осы қалалық кеңістіктің тарихи және сәулеттік құндылығын сақтай отырып өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, «4 чаши» фонтаны мен «Каскад» субұрқақ кешенінің қаптамасы тазартылып, жарықтандырылады. Сондай-ақ «Неделька» субұрқақ кешенінің бастапқы түрі мен арка элементтері қалпына келтіріледі. Бұдан өзге МАТОБ скверлерінің басты кіреберістеріндегі фонтандар мен шамдар қалпына келтіріліп, кіші архитектуралық пішіндердің тарихи стильдері реттеледі.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде әлеуметтік қызмет көрсету үйінің дайындығын тексерді. Ғимаратты әлеуметтік қызмет көрсету үйі ретінде реконструкциялау жобасы аяқталып қалды. Қазіргі кезде жиһаз бен интерьердің қажеттері бұйымдары қойылып жатыр. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет көрсетіледі.
Бірінші қабатта әлеуметтік қызметтер көрсету үшін Әлеуметтік әл-ауқат, Тұрғын үй саясаты басқармаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, БЖЗҚ-ның, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің өкілдері орналасады. Жоғары қабатта бейінді басқармалар жайғасады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі