Онлайн кездесу барысында Алматы экономикасының түрлі салаларында серіктестік қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі аккаунтында Францияның MEDEF International бизнес қауымдастығымен кездесудің онлайн форматта өткенін айтты.
«Инвестиция, денсаулық сақтау, сауда, туризм сияқты салалардағы әріптестік қатынасты дамыту мәселесін талқылап, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын қарадық», — деп жазды Алматы әкімі.
MEDEF — «Франция кәсіпорындарының қозғалысы» Франциядағы ең ірі жұмыс берушілер федерациясы. Ол барлық салалардағы 800 мың француз кәсіпорнын біріктіреді. MEDEF Франция үкіметінің әлеуметтік және экономикалық келіссөздердегі серіктесі.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі