Б. Сағынтаев: Бостандық ауданының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуын тексерді

03.06.2021

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Бостандық ауданындағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру барысын тексерді.

«Бақ Алма» бау-бақша серіктестігі аумағындағы Бағанашыл шағын ауданында жартастың ұзындығы 350 метрге жуық қауіпті учаскесін нығайту жұмыстары жүруде. Жауын-шашынның салдарынан топырақ опырылып, терең вертикальды жарықтар мен лай көшкіні пайда болады. Габион құрылғыларын тиімді қолдану жартастың бұзылуы мен көшкіннің алдын алады. Осылайша, 37 үй тұрғындарының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Алма-Арасан шатқалында орналасқан Көкшоқы шағын ауданында сумен жабдықтау және судан бұру желілері тартылды, көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүруде, жол салу жоспарлануда.

Айта кетерлігі, тұрғындардың өтініші бойынша мұнда этноауыл құру жобасын жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылады. Тұрғындар қазақи шеберлікпен — киіз үй, халық аспаптары, ас үй ыдыстары, ұлттық зергерлік бұйымдар жасаумен және ұлттық киімдерді тігумен айналысады. Б. Сағынтаев Almaty Business-2025 аймақтық бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалануды, шағын өнеркәсіптік парктердің бірінде өндірістік шеберханалар ашып, жылдық 2%-дық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуды немесе гранттық қолдауды пайдалануды ұсынды.

Бостандық ауданында, басқа аудандардағы сияқты, аула аумақтарын жөндеу жалғасуда. Алматы әкімі Брусиловский, 247 «а» көшесіндегі аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Абаттандырудың кешенді әдістері ересектерге де, жасөспірімдері бар балаларға да жайлы жағдайлар жасайды. Мұнда спорт алаңдары, балалардың ойын алаңдары мен белсенділік алаңдары пайда болады. Б. Сағынтаев ойын алаңдарына арналған спорттық тренажерлар мен жабдықтарды таңдауда тұрғындардың пікірін ескеру қажеттілігіне назар аударды.

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Нұр Алатау шағын ауданында кәсіпкерлер «Ғылым балабақшасы» деп аталатын жеке балабақша ашыпты. Жалпы, ауданда 30 мемлекеттік және 69 жекеменшік балабақша бар, оларға 9,5 мыңға жуық бала барады. Бизнесмендердің ортақ іске қатысуы мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығының белгілі бір бөлігін жеңілдетуге көмектеседі.

Б. Сағынтаев «Зердеш» жеке мектебіне орын дайындау барысымен танысты. Білім беру мекемесі Торайғыров көшесі, 21/1. Sholpan City ТК-нің бірінші қабатында орналасады. Мектеп 1-4 сынып оқушылары білім алады, мұнда 600 оқушы орны болады. Ашылуы жаңа оқу жылына жоспарланған. Бұдан өзге, тұрғын үй кешенін салу кезінде спорт алаңдары, оның ішінде жабық бассейн қарастырылған. Алматы әкімі бұл әдістің жаңа құрылыс ережелеріне сай екенін, жаңа тұрғын үй кешендерін салу кезінде әлеуметтік инфрақұрылымды қамту қажет екенін атап өтті.

Қала әкімі Бостандық ауданындағы Оқушылар үйінің қызметімен танысты, оған 7-17 жас аралығындағы 1,3 мыңнан астам бала келеді екен. Білім беру мекемесі 1964 жылы салынған моральдық және техникалық жағынан ескі үйде орналасқан. Сондықтан Б. Сағынтаев толыққанды жұмыс жасау және балалардың жан-жақты дамуы үшін ескі нысанды сүру және оның орнына жаңа заманауи оқушылар үйін салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкіміне «Гаухар Тас» тұрғын үй кешенінде ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жұмысы көрсетілді. Орталыққа айына зейнет жасындағы 6 мыңға жуық адам келеді екен, олар мұнда қоғамдық-әлеуметтік өмірге тартылып, спортпен, музыкамен, бимен айналысады әрі өзара әңгімелесіп, бос уақыттарын пайдалы өткізеді.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларының ой-өрісін дамыту үшін жобалық қуаттылығы 60 балаға арналған «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубы ашылған. Олармен сабақты аға-буын өкілдері өткізеді. Б. Сағынтаев аудан әкіміне осындай әлеуметтік жобаларды ауданның басқа учаскелерінде ашуды тапсырды.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі