Б. Сағынтаев апта сайын тікелей эфирде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап береді

01.10.2020

Қала әкімі Б.Сағынтаев осымен тоғызыншы рет «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, қалалықтардың өзекті сұрақтарына жауап берді.

Akimat Live бағдарламасы сәрсенбі сайын кешке өтеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша Б. Сағынтаев қалалықтарды КВИ-ге қатысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалмен таныстырып, COVID-19 пандемиясының ықтимал екінші толқынына қаланың дайындығы туралы айтып берді.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар пәрменді шаралар қабылданды. Мұнда жедел қызмет пен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жұмысын күшейтуге басымдылық берілді.

Бұдан өзге, ковидті ауруханалардың төсек-орындық қуаттылығы біртіндеп артуда. КВИ-мен күресте ашылатын медмекемелерді ескере отырып, 7226 орынды 32 стационар дайындалуда.

Бұрын жоспарланғандай, қазан айында жалпы қуаттылығы 1 мың орын болатын жаңа медмекемелер ашылады. Мысалы, 500 орынды РВ-90 жаңа инфекциялық аурухана дайын. 300 төсек-орынды екінші модульді инфекциялық госпиталь пайдалануға беріледі. Бұдан өзге, жеке инвестициялар есебінен 215 орынды екі толыққанды ковидті клиника құрылатын болады.

Б. Сағынтаев инфекциялық ауруханаларда жұмыс істейтін кадрларды даярлау туралы да айтты. Қалада барлығы Қоғамдық даму басқармасына бағынышты 74 ұйым, 20 республикалық және 93 жекеменшік медициналық мекеме бар. Бұл ұйымдарда небәрі 38 мыңнан астам қызметкер жұмыс жасайды.

1 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 емдеуге денсаулық сақтау жүйесінің 27 ұйымы жұмылдырылды, 6200 төсек-орын қойылды. Сол кезде инфекциялық стационарларда 4035 қызметкер жұмыс істеді.

Бүгінгі күні эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты көпсалалы клиникалар өздерінің әдеттегі жұмыс режиміне көшті. Коронавирус инфекциясын емдейтін инфекциялық клиникаларда қазіргі кезде 93 науқас бар, 400-ге жуық дәрігер, медбике мен медициналық қызметкер жұмыс жасауда.

Пандемияның жаңа толқыны пайда болған жағдайда 5,5 мың медициналық қызметкер резервте тұр. Медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, резиденттері мен интерн-дәрігерлер арасынан резерв құрылды, олардың саны 450-ге жуық.

Жаңа клиникаларды кадрлармен қамтамасыз ету үшін кадрлар ресуртарын жоспарлау және болжау бойынша жұмыстар жүруде, жаңадан қосылатын инфекциялық клиникалардың штаттық кестесі есептелуде.

Мысалы, Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында жаңадан ашылған 500 төсек-орынды инфекциялық стационардың жұмыс істеуі үшін штат кестесіне сәйкес 587 штат бірлігі қажет, бүгінгі күні оның кадрлармен жарақтануы 70%-ті құрайды. «Халық Арена» базасындағы клиникада 700-ден астам медицина қызметкері іріктеліп алынды.

Жаңадан әрі жедел салынып жатқан модульді стационарға 300 төсек-орын, 280-ге жуық медицина қызметкері қажет. Бүгінгі күні штаттық кесте жасалуда және кадрлық резерв арасынан мамандар іріктелуде.

Бүгінгі күні қаланың медициналық ұйымдарына реаниматолог, инфекционист, эпидемиолог, пульмонолог сияқты мамандар жетіспейді.

Сонымен қатар қала әкімінің мәліметі бойынша медұйымдардың материалдық-техникалық базалары айтарлықтай күшейтілді. Мәселен, 52 УЗИ аппараты, 38 рентген, 269 ӨЖЖ аппараты, 5 КТ, 2 МРТ аппараты сатып алынды. Бұған қоса, көпсалалы медициналық төсектер, 250 төсек жанындағы монитор, зертханалық құрылғылардың 43 бірлігі, 1050 оттегі концентраторы алынды. Жедел жәрдем қызметінің автопаркі 35 автомашинаға жаңарды, жыл соңына дейін жедел жәрдемнің тағы 100 көлігі алынатын болады. Бірінші эшелондағы сегіз стационарға медициналық газдың 24 мың төсек-орынды орталықтандырылған жүйесі орнатылуда. 17 стационарда ағындарды зарарсыздандыру, ал 13-де медқалдықтарды утилизациялау жүйелері салынуда.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі қалалықтарға әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыспен қамтудағы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру және қолжетімді орта құру жөнінде қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұдан өзге қала әкімі жылу маусымының басталуы, қоғамдық көлік, инженерлік инфрақұрылымдар мен жолдардың салынуы туралы қойылған сұрақтарға да жауап берді.

Тікелей эфирдің алдыңғы сегіз бағдарламасы барысында қала әкімі қалалықтардан түскен 129 сұраққа жауап берді. Бұдан өзге, телеарна редакциясына түскен 226 сұраққа нақты жауаптар беріліп, «Алматы» телеарнасының сайтында, «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі