Б. Сағынтаев: Алматының Индустриалды аймағында жыл соңына дейін 40,3 млрд теңгеге 9 жоба іске асатын болады

25.06.2021

ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала экономикасының ежелгі салаларын қалпына келтіру және 800-ден астам жұмыс орны құрылатын Индустриалды аймақтың маңызды рөлі туралы айтты.

Алматының өнеркәсіптік секторын қолдау аясында Индустриалды аймақ қарқынды дамуда. Мұнда жыл соңына дейін 823 жұмыс орнын құратын 40,3 млрд теңгеге 9 жоба іске асатын болады.

Жаңа кәсіпорындарда автоклавталған газбетон, медициналық мақсаттағы диагностикалық тестілер, табиғи тастан жасалған бұйымдар, салқындатқыш сұйықтықтар, үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырлар, электр бұйымдары, инженерлік сантехника және жылыту жабдықтары, орташа вольтты кешенді тарату қондырғыларын шығару өндірісі жолға қойылады.

Жобаларды «Рахат БК», «Г.С.Г. Высотник»,« Kaз-Диа-Teст», City Stone, «Әлем тынысы», Asia steel pipe corporation, «Электробар», Valtherm, Technokont сияқты кәсіпорындар жүзеге асырады.

Қазіргі кезде бөлінген жер учаскелерінде құрылыс-монтаж жұмыстары қызу жүргізілуде. Кейбір резидент-компаниялар ғимараттардың іштерін әрлеуде, өндірістік жабдықтарды жеткізуде және аумақтарды абаттандыруда.

Индустриалды аймақта шағын кәсіпорындар үшін алаңы орта есеппен 5 мың шаршы метр болатын өндіріс орындары салынуда. Биылғы жылы 20 мың шаршы метрлік төрт шағын өндірістік паркті саябақты іске қосу жоспарлануда, инвестиция көлемі 3,2 млрд теңгені құрайды, 900 жұмыс орны ашылады.

Алматыдағы шағын өнеркәсіптік парктердің резиденттері үшін жылдық 2%-бен жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған, жалға берілетін 1 шаршы метр орынның құны – 1200 теңге.

«Алатау» ИТП» АЭА-да жыл басынан бері прибор жасау жасау және фармацевтика салалары бойынша 8 жобаға қатысты өндірістік алаңдарды жобалау басталды. Жалпы инвестиция көлемі 44,5 млрд теңгені құрайды, 1,6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Қала үшін маңызды сала сауда болып қала береді - ЖӨӨ-нің 32,9%, жұмыспен қамтылғандардың 24,4%. Ағымдағы жылы базарлардың орнына 81 жаңа заманауи сауда нысандарын іске қосу жоспарлануда.

Алматыда онлайн-тауар айналымының көлемі 2,3 есеге (228,6%) өсті. Қаладағы интернет-дүкендердің үлесі елдегі барлық дүкендердің 60%-ын құрайды.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі