Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысушылармен онлайн-кездесу барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев спортшыларға табандылық пен жеңіс тіледі.
«Токио - 2020» Олимпиада ойындары ағымдағы жылдың 23 шілдесінен 8 тамызға дейін Жапонияда өтеді. Алматы қаласының 13 спортшысы Олимпиада ойындарына қатысу үшін спорттың 6 түрі бойынша 13 лицензияны жеңіп алды: жүзу (100 м, 200 м) – Дмитрий Баландин; спорттық шыңға шығу – Ришат Хайбуллин; спорттық гимнастика – Милад Карими (7 лицензия); су полосының командасы; жеңіл атлетика – Кристина Овчинникова; стенділік ату – Әсем Орынбай. Елдегі лицензиялардың жалпы саны – 96, ал спортшылар саны – 95.
Сонымен қатар ойындары ағымдағы жылдың 24 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында Токиода Паралимпиада ойындары өтеді. Алматыдан 2 спортшы 2 лицензия жеңіп алды: паратаэквондо – Камиля Досмалова, парапауэрлифтинг – Алина Солодухина. Елдегі лицензиялардың жалпы саны – 23.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі