Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде ағымдағы эпидемиологиялық ахуал қаралды, коронавирус инфекциясы жаңа толқынының алдын алу және вирустың одан әрі таралуын ескерту мәселелері талқыланды.
Бір апта ішінде, өткен кезеңмен салыстырғанда, КВИ жағдайларын тіркеу 1,5 есеге өсті, 5901-ден 9077 жағдайға дейін ұлайды, күнделікті өсім 1,7%-ды құрады. 23 шілдеден бастап КВИ-дің тәуліктік тіркелуі 1 мың жағдайдан асты, ағымдағы айда 22 498 жағдайды құрады. Бұл жыл басынан бері 30 шілдедегі 78 283 тіркелген жағдайдың 29%-ын құрайды.
Алматыда кезекті, COVID-19 төртінші толқынының шырқау шегі тамыздың ортасына күтілуде, қыркүйектің басында төмендеуі мүмкін. Соңғы 7 күн ішінде симптомды науқастардың үлес салмағы артуда әрі 90,7%-ды құрайды. Бұл COVID-19 қоздырғыштарының арасында «дельта» нұсқасының басымдығын көрсетеді.
Қаланың СЭБД-нің басшысына еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Мегаполисте коронавирус инфекциясының таралу қарқынын болдырмау үшін карантиндік шараларды күшейту қажет.
Алматы әкімі коммуналдық кәсіпорындар мен бизнес-қауымдастықтар ұжымдарын вакциналауды күшейтуді тапсырды. «Aтамекен» ҰКП бірлесіп бизнес-қоғамдастық өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, мұнда қызмет көрсететін компаниялар мен қоғамдық тамақтандыру орындарына жіті назар аударған жөн.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі