Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның халықаралық сауда министрі Ранил Джаяварденамен кездесті.
Тараптар Алматыға инвестициялар тарту, цифрландыру, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы білім беру бағдарламаларын, жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жоғары деңгейде. Ұлыбритания тауар айналымы көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің ондығында қалып отыр. Біріккен Корольдік Қазақстанның алты ірі инвесторларының қатарына кіреді.
Алматыда сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс салаларында британдық капиталдың қатысуымен 217 кәсіпорын жұмыс істейді, Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы оң динамиканы көрсетіп, ағымдағы жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша шамамен 132 млн долларға жетті. Ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін барлық алғышарттар бар.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі