Аз қамтылған отбасы балалары жылына 5 ретке дейін туристік экскурсияларға тегін бара алады

19.10.2022

Еліміздің басты көрікті жерлерімен және туристік орындарымен таныстыру тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Республика күні қарсаңында Алматы қаласының жастарға арналған демалыс орталықтарына келушілер танымал туристік орындар – Шарын шатқалы мен Көлсай көліне барды. Экскурсияға 100-ден астам жасөспірім қатысты.  Тегін турды Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын отбасылардағы жасөспірімдерге (СӨСҚ) ұйымдастырды.

Бұл биылғы бесінші тур болды. 2022 жылы жасөспірімдер Ықылас атындағы (21, 22, 26 шілде) халық музыкалық аспаптары мұражайына, Есік көліне (8 қазан), Түрген шатқалына (9 қазан), Көшпенділер қаласына (15 қазан), Шарын шатқалы мен Көлсай көліне (16 қазан) барды.

Бір күндік турға көлік, тамақтану және гид қызметтері кіреді.

Еліміздің басты көрікті жерлерімен және туристік орындарымен таныстыру тұрақты негізде жүзеге асырылады және әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасыларға арналған қалалық демалыс орталықтарында тәрбиеленуші 12 мен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар үшін тегін. Келесі жылы да 5 экскурсиялық тур өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, туристік қызметпен айналысатын «Романтик» демалыс орталығына барған жасөспірімдер туризм және қауіпсіздік негіздерін, тактикалық ойындарды, картографияны меңгереді, туристік спорттық саяхаттарға шығады және т.б.

Алматыда мегаполистің барлық сегіз ауданында барлығы 150-ге жуық демалыс орталығы бар.  Бұл жоба әлеуметтік сипатқа ие және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға, жасөспірімдерге және жастарға көмек көрсетуге бағытталған.

Оқыту әр түрлі бағытта тегін жүргізіледі: мәдени-ағарту, әскери-патриоттық, спорттық, шығармашылық, интеллектуалдық, робототехника және т.б.

Демалыс орталықтарында шеберлік сыныптары, байқаулар, турнирлер, жарыстар, эстафеталар, тәрбие сағаттары, профилактикалық әңгімелер, кездесулер, көрмелер, экскурсиялар, саяхаттар мен акциялар түрінде әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі.

Жоба аясында демалыс орталықтарында 500 үйірме мен секция ашылып, 155 000-нан астам адам қамтылған.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.